Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-09-03 19:09:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда 15 қыркүйектен бастап кеміргіштерге қарсы дәрілеу жүргізіледі

news single

   Алматыда 15 қыркүйектен бастап кеміргіштерге қарсы күзгі дератизация жұмыстары басталады,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, жалпы аумағы 47 мың гектардан асатын қоғамдық орындар өңделеді. Күзгі дератизация аясында мамандар жасыл аймақтарды, ашық биотоптарды, кеміргіштердің індерін, арық желілерін, өзендер мен су айдындарының жағалауларын, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамаларының аумақтарын дәрілейді.

 

   Басқарма өкілдері жеке және заңды тұлғалардың да өздеріне тиесілі аумақтарда дератизация жұмыстарын жүргізуге міндетті екенін еске салды.

 

   — Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 107-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

 

   Сондықтан жеке аумақтар, жер учаскелері, ғимараттар мен құрылыстарды дәрілеу жұмыстарын олардың иелері жүргізеді, — деп нақтылады басқарма.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
James Dresdner Предлагаем услугу по написанию и размещению положительных отзывов. Работаем с самыми популярными площадками: yandex, google, zoon, yell, 2gis, otzovik, и многие другие. Сайт: https://otzyvtop.creatium.site/ Тел. 8-985-882-26-76 E-mail otzyv.top10@gmail.com

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться