Автор: ADMIN
БҰҰ Мьянмадағы зілзаладан зардап шеккендерге 5 миллион доллар бөлді
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен кейін әлемдік қауымдастық елге қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек жіберуде. БҰҰ табиғи апаттан зардап шеккендерге 5 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қытай 14 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіп, 37 құтқарушыдан тұратын арнайы топ жіберді. Ресей 30 құтқарушыны жолдап, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.
Үндістан алғашқы гуманитарлық көмегін жеткізіп үлгерді, ал Оңтүстік Корея 2 миллион доллар бөлуге ниетті. Сонымен қатар, Малайзия 50 құтқарушыдан тұратын екі топ аттандырса, Сингапур, Таиланд және Үндістаннан да көмек көрсетуге құтқарушылар келмек.
Қазіргі уақытта халықаралық топтар Мьянмада жер сілкінісінің салдарын жою, үйінділер астында қалғандарды іздеу және гуманитарлық көмек тарату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Япония планирует закупать нефть из Казахстана
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana