Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-09-05 20:02:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Олег Соколенко Германиядағы халықаралық турнирде күміс жүлде алды

news single

    Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Олег Соколенко Германияда өтіп жатқан CSI2 Gut Ising халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    2-6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып жатқан жарыста қазақстандық шабандоз 140 сантиметрлік маршрутта үздіктер қатарынан көрінді. Олег Соколенко Cinderella есімді атымен сынға түсіп, кедергілерді қатесіз еңсеріп, қашықтықты 63,44 секундта аяқтады.

 

    Нәтижесінде ол 44 спорттық жұптың арасынан екінші орын алды. Жарыс жеңімпазы Германия өкілі Беньямин Вульшнер Kilcannon Emerald атымен 61,47 секунд нәтиже көрсетті. Соколенко көшбасшыдан небәрі 1,97 секундқа қалып қойды.

 

   Үшінші орынды тағы бір неміс шабандозы Феликс Хассманн иеленді.

 

   Осылайша, Олег Соколенко Қазақстан қоржынына халықаралық турнирдің күміс жүлдесін салды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться