Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-10-18 18:23:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жапонияда V Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті

news single

   18 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына  сілтеме жасап. 

 

    Құрлықтағы ең ірі спорттық жарыстардың бірі саналатын байрақты бәсеке 24 қазанға дейін жалғасады. Жапония Азия Пара ойындарын тарихында алғаш рет қабылдап отыр. Қазақстан құрамасы жарысқа спорттың 12 түрінен 150 параспортшыны қосқан.

 

    Отандастарымыз пара жеңіл атлетика, пара дзюдо, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара велоспорт, пара нысана көздеу, пара садақ ату, пара үстел теннисі, арбадағы теннис, отырып ойнау волейболы және бочча бойынша бақ сынайды.

 

   Ашылу салтанатында Қазақстанның Мемлекеттік туын алып шығу мәртебесі 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия Пара ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков пен пара дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аяла Мерекеге берілді.

 

   Қазақстандық спортшылар алдағы күндері құрлықтың үздік параспортшыларымен бәсекеге түсіп, ел қоржынына жүлде салуға күш салады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться