Мир

Автор: ADMIN

Мир 2026-11-18 16:21:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Түркі елдері арасында QR-төлем жүйесі біріктірілуі мүмкін,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық QR-төлем жүйелерін интеграциялауды жоспарлап отыр. Бұл бастама бес ел азаматтарына шетелде өз банктерінің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің 29 қазанда жариялаған ресми ақпаратына сәйкес, 22–23 қазанда Тәжікстанда бес елдің орталық банктері өкілдерінің төртінші өңірлік кездесуі өткен. Жиында ұлттық төлем платформаларын дамыту, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және трансшекаралық төлем жүйелерін өзара байланыстыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан тарапы ұсынған QR-төлем жүйелерін интеграциялау бастамасын қолдады. Сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін ұлттық QR-төлем жүйелерінің өзара әрекеттесу тетігін нақтылауға келісті. Бастама жүзеге асқан жағдайда, аталған бес елдің азаматтары сапар барысында жергілікті банк қосымшасын жүктемей-ақ, өз еліндегі банктің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен тауарлар мен қызметтердің ақысын төлей алады. Сонымен қатар елдер арасында нақты уақыт режимінде ақша аудару мүмкіндігі қарастырылып отыр. Кездесуде төлем инфрақұрылымының қауіпсіздігі, кибершабуылдардың алдын алу және қаржылық алаяқтықпен күрес мәселелері де назардан тыс қалмады.

Қазіргі уақытта бұл жоба әзірлеу кезеңінде. Оның нақты іске қосылу мерзімі әзірге жарияланған жоқ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться