Мир

Автор: ADMIN

Мир 2026-11-18 16:56:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қытай әлем басшыларын қабылдамақ, бірақ бәрімен бірдей жеке кездесе алмайды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 18–19 қараша күндері Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) ұйымының саммиті өтуде. Жиынға әлемнің жиырмаға жуық мемлекет басшысы қатысады деп күтілуде. Алайда Қытай төрағасы Си Цзиньпин барлық көшбасшымен жеке кездесу өткізе алмайды.

Cаммит аясындағы басты дипломатиялық оқиғалардың бірі АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путиннің ықтимал үшжақты кездесуі болмақ. Кездесудің нақты күн тәртібі мен форматы жөніндегі келіссөздер жалғасқан. Қытай тарапы мұндай кездесуді ұйымдастыруға сақтықпен қарайды. Себебі үш көшбасшының көзқарастары мен мақсаттары әртүрлі. Дональд Трамп ядролық қаруды бақылау мәселесін талқылауға мүдделі болса, Владимир Путин Украинадағы соғыс мәселесін көтеруге ниетті. Ал Бейжің ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерге қатысуға асықпайды және Украина мәселесін үшжақты кездесудің күн тәртібіне енгізуге қарсылық білдірген.

Сонымен қатар саммитке қатысатын барлық мемлекет басшыларының Си Цзиньпинмен жеке кездесуі жоспарланбаған. Мәселен, Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичимен екіжақты кездесу өтетіні әзірге белгісіз. Бұған екі ел арасындағы Тайвань мәселесіне байланысты шиеленіскен қарым-қатынас әсер етіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, Қытай бұл саммит арқылы халықаралық саясаттағы ықпалын күшейтіп, өзін жаһандық дипломатияның маңызды орталығы ретінде көрсетуді көздейді. Дегенмен ірі державалар арасындағы келіссөздердің нәтижесі мен олардың басқа мемлекеттерге ықпалы халықаралық қауымдастықтың назарында болмақ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться