Внутренняя политика

Автор: ADMIN

Внутренняя политика 2026-11-18 16:31:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстанда Құрылтай жанынан Жастар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Жаңа құрылым жастардың бастамаларын біріктіріп, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін тұрақты диалог алаңына айналмақ.

Бұл бастама Құрылтай отырысында қаралған. Жиында депутат Дана Медеуова жастардың әлеуетін толық пайдалану және олардың ұсыныстарын республикалық деңгейде ілгерілету қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады. Алайда олардың көптеген бастамалары жеке-жеке қалып, тиісті қолдауға ие бола бермейді. Осыған байланысты жастар мен Құрылтай арасында тұрақты байланыс орнату ұсынылған. Жастар кеңесінің құрамына Құрылтай депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері, өңірлік белсенділер мен түрлі кәсіби саладағы жас мамандарды енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар ауылдық елді мекендер мен шалғай аудандардағы жастардың да мүддесін ескеру жоспарланған.

Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – жастар бастамаларын заң шығару күн тәртібіне енгізуге ықпал ету. Бұдан бөлек, халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту және қазақстандық жастардың мүдделерін шетелдік алаңдарда ілгерілету бағытында жұмыс жүргізу көзделген. Осылайша, жаңа кеңес жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, олардың ел дамуына қатысты шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына жағдай жасауға бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться