Общество

Автор: ADMIN

Общество 2026-11-18 16:45:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанда қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру қорғанысы күшейтілуде,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстанда өндірістік жарақат алған қызметкерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік және қаржылық қорғау шаралары кеңейтілуде. Бұл бағытта еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіріліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 16 қарашадағы мәліметіне сәйкес, елімізде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан міндетті сақтандыру жүйесі өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру салдарынан денсаулығына зиян келген қызметкерлерге өтемақы төлеуді көздейді. Қолданыстағы тәртіп бойынша, егер қызметкердің кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылу деңгейі 5–29 пайыз аралығында болса, жоғалтқан жалақысын өтеу міндеті жұмыс берушіге жүктеледі. Ал бұл көрсеткіш 30–100 пайыз болған жағдайда төлемдерді сақтандыру ұйымы жүзеге асырады. Сақтандыру жүйесі жоғалтқан табысты өтеумен қатар, емделу, дәрі-дәрмек сатып алу, протездеу және оңалту сияқты қосымша шығындарды да қамтиды. Қызметкер қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне де қаржылық қолдау қарастырылған.

Министрлік деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда міндетті сақтандыру шарттарының саны 204,4 мыңға жеткен. Бүгінде бұл жүйе 4 миллионнан астам қызметкерді қамтып отыр. Сонымен қатар жұмыс берушілерге өндірістік жарақаттың алдын алуға және қызметкерлерді оңалтуға жұмсалған шығындардың сақтандыру сыйлықақысының 6 пайызына дейінгі бөлігін өтеу мүмкіндігі берілген.

2026 жылғы қазанда Мемлекеттік аннуитеттік компания жұмыс берушілерге міндетті сақтандыру шарттарын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Алдағы уақытта сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру, кәсіби тәуекелдерге қарай икемді тарифтер енгізу және еңбек қауіпсіздігін арттыру жоспарланып отыр.

Министрлік бұл шаралар өндірістік жарақаттанудың салдарын азайтып қана қоймай, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться