Автор: ADMIN
Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті,-деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қызылордада "Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы өтті,-деп хабарлайды "Shalqar.kz".
7 қазанда Қызылордада "Анаға тағзым" ІІІ респуликалық форумы өтті. Биыл "Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды" тақырыбымен ұйымдастырылған жиын ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және цифрлық дәуірде ұрпақ тәрбиелеу мәселелеріне арналды.
Форумға Ұлттық комиссия өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген делегаттар қатысты.
Отырыстарда отбасы институтын нығайту, ана мәртебесін көтеру және бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың маңызын сақтау мәселелері талқыланды. Ал секциялық кездесулерде ұлттық тәрбие, отбасы мен мансап үйлесімі, әйелдер кәсіпкерлігі және ана мен бала денсаулығы бағыттары қамтылды.
Форум аясында қатысушылар Қызылорданың әлеументтік-мәдени нысандарымен танысып, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілердің жұмыстарын тамашалады. Жиынның басты мақсаты - дәстүрлі тәрбие мен замануи технологияларды ұштастырып, саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеудегі ананың рөлін нығайту.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Трамп выступил против новых ударов Израиля по Ирану — СМИ
Трамп Израильдің Иранға соққы беруіне қарсы — БАҚ