Автор: ADMIN
"Құқығын білген ұрпақ – ел болашағы!" Алматыда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz"
Алматыдағы "Aport Mall East" ойын-сауық кешенінде "Құқықтық дәріхана" атты ауқымды акция өтті. Маңызды іс-шараны Алматы қаласының және Алматы облысының Балалар құқықтарын қорғау басқармалары бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты - балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және отбасылық қауыпсіздікті нығайту. Акция барысында тұрғындарға білікті мамандар тарапынан тегін құқықтық кеңестер беріліп, балалардың қауыпсізідігі мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы ақпараттық брошюралар мен парақшалар таратылды. Сондай-ақ, қатысушылар викториналар мен интерактивті ойындарға белсене қатысып, түрлі құқықтық жағдаяттарды талқылады. Балалар мен ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтары мен ұсыныстарын арнайы орнатылған "Тілек пен ұсыныс жәшігі" (сенім жәшігі) арқылы аноноимді түрде жеткізуге мүмкіндік алды.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева:
"Отбасының тыныштығы мен баланың қауыпсіздігі - бәріміз үшін ең маңызды мәселе. Кейде бір ауыз дұрыс кеңестің өзі қиын жағдайдан шығуға үлкен көмек береді. Осы мақсатта ұйымдастырылған "Құқықтық дәріхана" акциясы балалар мен ата-аналарға көкейкесті сұрақтарына жауап алып. қажетті құқықтық қолдау табуға жан-жақты мүмкіндік береді",- деп атап өтті.
Алматы обылысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасының құқықтық бөлімінің бас маманы Мадияр Шарапов:
"Бүгін таңертеңнен бері 150-ден астам ата-ана мен бала бізге жүгінді. Азаматтар әртүрлі мәселелер бойынша келуде. Мысалы, біреулер мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілікті қалай шешу керегін сұраса, кейбір балалар мектептегі сабақ жүктемесінің тым көптігіне шағымданды. Біз өз тарапымыздан жан-жақты кеңес беріп, тиісті органдар арқылы шешілуі тиіс мәселелерді арнайы жазып алып жатырмыз",-деді.
Әр баланың өз құқығын біліп, өзін қауыпсіз сезініп өсуі- қоғамның ортақ міндеті. Бала құқығын қорғау- оның бүгінгі бақытты балалық шағына ғана емес, елдің жарқын әрі сенімді болашағына жасалған маңызды қадам.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
WLTTIÑ KELEŞEGİ – PARASATTI ANALAR QOLINDA
БУДУЩЕЕ НАЦИИ — В РУКАХ МУДРЫХ МАТЕРЕЙ
BUDUŞEE NACII — V RUKAH MUDRIH MATEREY