Автор: ADMIN
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауы өтті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы елдің алдағы даму бағыттарын айқындап, экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне назар аударды.
Жолдауда биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтілетіні және жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси жүйесін жаңғыртуға серпін бергені айтылды.
Президент барлық өңірде құрылыс жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті. Ең алдымен. облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін анықтау міндеті қойылды. Сонымен қатар, өңірлерді газбен, таза ауыз сумен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Жолдауда инфрақұрылымдық жобаларды кешенді түрде іске асыруға басымдық берілді. Бұл бағытта әлеументтік нысандар салу, инжинерлік желілерді жаңғырту және өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру көзделді.
Ауыл шарушылығының өнімділігін арттыру, фермерлерді қаржыландыру, отандық ауыл шарушылығы техникасын өндіру және азық-түлік өнімдерін өңдеу мәселелері қамтылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو