Внешняя политика

Автор: ADMIN

Внешняя политика 2026-11-07 20:50:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан Ауғанстан бағытындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуды қолдады,- деп хабарлайжы "Shalqar.kz".

news single

2026 жылғы 6 қарашада Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілдерінің Өңірлік байланыс тобының екінші отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ержан Қыстафин қатысты. Кездесу барысында Қазақстан тарапы Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің орнықты дамуына жәрдемдесу мақсатында Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестіру мен бірлескен іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Талқылау барысында Ауғанстанмен сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, көлік қатынасын нығайту және Ауғанстанды өңірлік экономикалық үдерістерге тартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады. Қазақстанның бұл ұстанымы Ауғанстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және бүкіл Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен орнықты дамуына бағытталған өңірлік әріптестікті нығайтуға деген мүддесін көрсетеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться