Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-12 16:26:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын растады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады.

ҰҚК-нің 2026 жылғы 12 қарашада жариялаған ресми мәліметіне сәйкес, екі басшы да 11 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тарапынан ұсталған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де адамдар қолға түскен.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасатынын атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться