Автор: ADMIN
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Саммитке Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.
Кездесу барысында мемлекет басшылары ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ҰҚШҰ-ның 2026 жылғы қызметінің қорытындыларын қарастырды. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық терроризмге қарсы күрес, есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою және жасанды интеллект технологияларының дамуы жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті нығайту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ресейдің ҰҚШҰ-ға биылғы төрағалығына оң баға беріп, келесі кезеңде ұйымға төрағалық ететін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды құттықтады.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, мүше мемлекеттердің ортақ қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qasım-Jomart Toqaev WQŞW Wjımdıq qauipsizdik keñesiniñ otırısına qatıstı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qasım-Jomart Toqaev WQŞW Wjımdıq qauipsizdik keñesiniñ otırısına qatıstı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قاسىم-جومارت توقاەۆ ۇقشۇ ۇجىمدىق قاۋىپسىزدىك كەڭەسىنىڭ وتىرىسىنا قاتىستى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.
Kassym-Jomart Tokayev Attends CSTO Collective Security Council Meeting,- reports “Shalqar.kz”.