Автор: ADMIN
Барселонада наразылық шеруі кезінде полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс болды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Испанияның Барселона қаласында тұрғын үй бағасының қымбаттауы мен өмір сүру құнының өсуіне қарсы өткен жаппай наразылық шеруі кезінде полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс болды.
11 қарашада Испанияның бірқатар қаласында жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырылып, мыңдаған адам көшеге шықты. Наразылық білдірушілер баспана бағасын төмендетуді, жалдау ақысына шектеу қоюды және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етті. Барселонадағы шеру бастапқыда бейбіт сипатта өтті. Алайда кешкі уақытта жағдай шиеленісіп, кейбір қатысушылар дүкендердің терезелерін сындырған, қоқыс контейнерлерін өртеген және полиция қызметкерлеріне пиротехникалық заттар лақтырған. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында полицияның арнайы бөлімшелері жұмылдырылды. Қала билігінің мәліметінше, оқиғаға байланысты бірнеше адам ұсталған. Барселона мэрі Жауме Коллбони қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерін айыптап, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, тұрғын үй бағасының өсуі мен жалдау ақысының қымбаттауы Испаниядағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай соңғы жылдары халық наразылығының күшеюіне себеп болуда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qasım-Jomart Toqaev WQŞW Wjımdıq qauipsizdik keñesiniñ otırısına qatıstı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قاسىم-جومارت توقاەۆ ۇقشۇ ۇجىمدىق قاۋىپسىزدىك كەڭەسىنىڭ وتىرىسىنا قاتىستى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qasım-Jomart Toqaev WQŞW Wjımdıq qauipsizdik keñesiniñ otırısına qatıstı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قاسىم-جومارت توقاەۆ ۇقشۇ ۇجىمدىق قاۋىپسىزدىك كەڭەسىنىڭ وتىرىسىنا قاتىستى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.
Kassym-Jomart Tokayev Attends CSTO Collective Security Council Meeting,- reports “Shalqar.kz”.