Законы РК

Автор: ADMIN

Законы РК 2026-11-13 21:32:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын талқылау жалғасуда,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеуге бағытталған жаңа заң жобасын талқылау жалғасуда. Құжат азаматтық қоғам институттарының құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруді көздейді.

2026 жылғы 22 қазанда «Ашық НҚА» порталында «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» және оған қатысты заңнамалық өзгерістер енгізу жөніндегі екі заң жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бастама үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамытуға, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайтуға және әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар құжаттарда мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, волонтерлік қызметті дамыту, цифрлық құралдарды енгізу және азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері қарастырылған.

Министрлік барлық мүдделі азаматтар мен ұйымдарды заң жобаларын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырды. Қазіргі уақытта құжаттар бойынша ұсыныстар мен пікірлер жинақталып, оларды одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться