Внутренняя политика

Автор: ADMIN

Внутренняя политика 2026-11-13 21:41:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Жиында көлік-логистика саласын дамыту және мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлыққа күдікпен ұсталуына байланысты пікір білдірді. Президент бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы жемқорлыққа қатысты күрделі мәселе ретінде бағалады. Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын азайту және компаниялардың жұмыс сапасын жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар Президент мемлекеттік компаниялардың қызметі тоқтамайтынын және олардың қалыпты жұмыс тәртібі сақталатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланбақ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться