Автор: ADMIN
Хуситтер Эр-Рияд әуежайы мен мұнай құбырына шабуыл жасағанын мәлімдеді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид халықаралық әуежайы мен Шығыс–Батыс мұнай құбырының сорғы станциясына дрондармен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари 13 қарашада әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде әуежайға бір ұшқышсыз ұшу аппараты, ал Эр-Риядтың шығысындағы мұнай құбырының №3 сорғы станциясына екі дрон бағытталғанын хабарлады. Оның айтуынша, операциялар көздеген мақсатына жеткен. Алайда Сауд Арабиясының билігі бұл мәлімдемелерді әзірге растаған жоқ. Шабуылдардың нәтижесі туралы ақпарат тәуелсіз дереккөздер арқылы да тексерілмеген. Бұған дейін Сауд Арабиясы бастаған әскери коалиция хуситтер ұшырған екі дронның бірі Эр-Рияд аймағында, екіншісі елдің Шығыс провинциясында ұсталып, жойылғанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Шығыс–Батыс мұнай құбыры Сауд Арабиясының мұнайын Парсы шығанағы жағалауынан Қызыл теңіздегі Янбу портына жеткізетін стратегиялық бағыт саналады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Таяу Шығыс қақтығыстары: бейбітшілікке бастар жол бар ма?
Последние новости
Таяу Шығыс қақтығыстары: бейбітшілікке бастар жол бар ма?