Автор: ADMIN
Көлік министрлігі балалар арбасын тасымалдау ережелерін қайта қарамақ,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүретін ата-аналардың өтініштерінен кейін қолданыстағы тасымалдау ережелерін қайта қарауға шешім қабылдады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова 15 қарашада Facebook парақшасында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ата-аналардан түскен өтініштер мен сұрақтарды ескере отырып, ережелерді қайта қарау туралы шешім қабылданған. Бұл екіұшты түсіндірулердің алдын алып, жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде балалар арбасымен автобустарға кіруге шектеу қойылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда министрлік қолданыстағы қағидаларда мұндай тыйым жоқ екенін түсіндірді. Ережеге сәйкес, автобус шамадан тыс толған жағдайда және ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын бүктеп тасымалдау көзделген. Дегенмен, арбаны жинау қолайсыз болса, ата-ана сапарын оны жайылған күйінде жалғастыра алады. Бұл үшін айыппұл салу немесе жолаушыны автобустан түсіру қарастырылмаған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Последние новости
Таяу Шығыс қақтығыстары: бейбітшілікке бастар жол бар ма?