Кино

Автор: ADMIN

Кино

Следуй за нами

54

Қазақша сөйлейтін Стич: Disney фильмі үлкен экранда

news single

Биылғы мамыр айы қазақтілді көрермендер үшін ерекше жаңалықпен басталмақ. Әлемге әйгілі Disney студиясының «Лило және Стич» атты анимациялық фильмі алғаш рет қазақ тіліне дубляждалып, кинотеатрларда көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұған дейін қазақ тіліне дубляждалған фильмдер көбіне демеушілер есебінен жүзеге асқан. Алайда соңғы жылдан бастап студиялардың өздері қазақ тілінде дубляж жасауға ниет білдіріп, қаражатты өз тарапынан бөліп отыр. Нәтижесінде, көрермендер Disney, Pixar секілді алпауыт студиялардың туындыларын қазақша көру мүмкіндігіне ие болуда.

2024 жылы қазақ тіліне аударылып, прокатқа шыққан мультфильмдер қатарында Pixar студиясының «Ойжұмбақ» пен «Моана», сондай-ақ «Веном» және «Муфаса: Арыстан Патшасы» фильмдері болды.

Ал алдағы желтоқсан айында көпшілікті тағы бір ауқымды премьера күтіп тұр — «Аватардың» үшінші бөлімі де түпнұсқамен қатар қазақ тілінде көрсетіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы да бұған дейін қазақ тілінде мультфильмдер мен контентті көбейту қажеттігін баса айтқан болатын.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться