Автор: ADMIN
Бірлікке жүгіріп жеттік: Елордада өткен жарысқа 3 мыңнан астам адам қатысты
Елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында өткен «Бірлік жүгірісі-2025» республикалық жарысына 3 мыңнан астам адам қатысты. Ауқымды іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
«Бірлікке 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен өткен марафонға кәсіби спортшылардан бастап белсенді өмір салтын ұстанатын азаматтарға дейін түрлі жастағы және ұлт өкілдері қатысты. Қатысушылар EXPO қалашығынан бастап «Бәйтерек» монументіне дейінгі бағытты жүгіріп өтті.
Жарыс бір уақытта еліміздің 20 өңірінде ұйымдастырылып, достық пен бірліктің нышанына айналды. Қатысушылар тек қашықтықты еңсеріп қана қоймай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да үлес қосты.
Марафон бірнеше санатта өтті: ең жас және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 1 км қашықтық, скандинавиялық жүріс (5 км), жаппай жүгіру (10 км), кәсіби спортшылар үшін 21,1 км және командалық эстафета (30 км).
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар халықты біріктіріп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға серпін береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Платные дороги принесли в бюджет 62 миллиарда тенге
پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
Последние новости
Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi