Автор: ADMIN
Жұмыртқа, сүт, ет арзандады – Үкімет бағаны тұрақтандыру шараларын күшейтті
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Атап айтқанда, жұмыртқа, сүт, ет арзандап, ұн, нан, күріш және рожки бағасы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қандай өнімдер арзандады?
2025 жылдың 22–29 сәуір аралығындағы дерек бойынша:
• Жұмыртқа – 0,5%
• Сүзбе – 0,2%
• Сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт – 0,1%-ға арзандаған.
Ұн, нан, күріш пен рожки бағасында өзгеріс жоқ.
Сауда және интеграция министрлігі өткізген жиында сиыр етінің бағасы жеке талқыланды. Қабылданған шаралар нәтижесінде баға өсімі бір аптада 0,3%-дан 0,1%-ға дейін төмендеген.
Маңызды шешімдер қатарында:
• Ірі қара малды елден шығаруға үш айлық тыйым
• Делдалсыз ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін күнделікті өткізу
Азық-түлік нарығы қалай тұрақталады?
• Шекарадағы бақылау күшейтіледі
• Рұқсатсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға жол берілмейді
• Аймақтардағы жәрмеңкелер саны көбейеді
• Жергілікті өндірушілер тікелей қатысады
• Жылжымалы ветеринарлық зертханалармен жабдықтау қарастырылып жатыр
Ішкі нарықты толықтыру үшін импорттық көкөністер жеткізу, оларды шекарада жедел рәсімдеу және арнайы «жасыл дәліз» іске қосу да жоспарда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V Atırau passajirı ne mogut vıletet' uje dva dnya
2026 jılğı älem çempionatınıñ biletterine swranıs kürt arttı – FIFA
Spros na biletı ÇM-2026 rezko vıros — FIFA
Последние новости
Atırauda jolauşılar eki künnen beri saparğa şığa almay otır
اتىراۋدا جولاۋشىلار ەكى كۇننەن بەرى ساپارعا شىعا الماي وتىر
V Atırau passajirı ne mogut vıletet' uje dva dnya