Автор: ADMIN
Qalleki театр лабораториясынан терең ойлы премьера: «Шеңбер» – адамгершілік пен аналық махаббат жайлы қойылым

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрерменге ерекше премьера ұсынды. Qalleki театр лабораториясының шығармашылық жобасы аясында Бертольт Брехттің әйгілі «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасы негізінде сахналанған «Шеңбер» қойылымы көрерменнің жүрегінен орын алды, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Эпикалық драма жанрындағы бұл қойылымда ананың балаға деген махаббаты, әділет пен адамгершілік сынды мәңгілік құндылықтар тереңнен қозғалған. Спектакль оқиғаны тек сахнада көрсетіп қоймай, көрерменді бірге ойлануға, ішкі түйсігімен таразылауға жетелейді.
Қойылымда Брехт драматургиясына тән оқшаулану әдісі кеңінен қолданылып, актерлер мен көрермен арасындағы байланыс ерекше форматта құрылды. Бұл тәсіл оқиғаға сырт көзбен қарап, өмірлік шешімдерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Qalleki театр лабораториясының кезекті жұмысы — заманауи театр тілімен ұсынылған рухани ізденіс, көрермен мен өнер арасындағы шынайы диалог.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет