Автор: ADMIN
Жазда балаларға мәдени демалыс тегін болады – Үкімет тапсырмасы
Осы жазда Қазақстандағы театрлар, мұражайлар, қорықтар мен ұлттық парктер балалар үшін тегін жұмыс істейді. Тиісті тапсырманы премьер-министр Олжас Бектенов берді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
20 мамырдағы Үкімет отырысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мәселесі қаралды. Премьер-министрдің айтуынша, мәдениет пен табиғатты танып-білу – әр баланың құқығы.
– Балалар Қазақстанның табиғи және мәдени алуантүрлілігін көруі керек. Мәдениет министрлігіне жазғы демалыс кезінде балалардың мұражайлар, театрлар, қорықтар мен ұлттық парктерге тегін баруын қамтамасыз ету тапсырылды, – деді Олжас Бектенов.
Балалар демалысы – мемлекеттік бақылауда
Үкімет басшысы жаз мезгілінде балалардың демалысы мен қауіпсіздігіне барынша мән беруді тапсырды. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:
• Әкімдіктер – лагерьлердің санитарлық, өрт және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
• Денсаулық сақтау министрлігі – балалардың тағамына тұрақты санитарлық бақылау жүргізеді;
• ТЖМ – су қоймалары мен бассейндердегі құтқару құралдарын тексеріп, қызметкерлерді арнайы оқытудан өткізеді;
• ІІМ – барлық лагерьлер мен іс-шара өтетін орындарға учаскелік инспекторлар бекітеді.
– Балалармен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алуға ерекше назар аударылуға тиіс. Ұйымдастырылмаған спортшы балалардың сапары қайғылы салдарларға әкелгені бәрімізге мәлім. Сондықтан спортшы балалар өз елді мекендерінің сыртына тиісті келісімдер мен рұқсаттарсыз және патрульдік полицияның сүйемелдеуінсіз шығуына жол бермеуді тапсырамын, – деді премьер-министр.
Барлық ұйымдастыру жұмыстары 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge
ۆ زكو بۋحگالتەر پرەدپريياتييا س يگرومانيەي پريسۆويل 118 ملن تەنگە
Последние новости
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge