Автор: ADMIN
«Қазақстан балалары» науқаны басталды: алғашқы күннің өзінде 500 мыңнан астам адам қатысты
Қазақстанда 22 мамыр мен 1 маусым аралығында алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық ауқымдағы науқан өтуде. «Қазақстан балалары» деп аталған бұл бастама – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмасына сәйкес қолға алынған, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Президент атап өткендей, балаларға қамқор болу – барша қоғамның ортақ міндеті. Бұл науқанның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз, мейірімді ортада өмір сүруіне жағдай жасау, бала құқығын қорғау мен олардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.
Мереке алдындағы іс-шаралар «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен бұл науқан отбасы рөлін айқындауға бағытталған.
Еліміздің барлық өңірінде:
• Театрлық және концерттік бағдарламалар
• Балаларға арналған спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар
• Музейлер мен кітапханаларда арнайы көрмелер
• Отбасын қолдау орталықтарында ашық есік күндері өтті.
Алғашқы күннің өзінде «Қазақстан балалары» науқанына ел бойынша жарты миллионнан астам адам қатысып, қоғамның бала болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda naurızğa deyin tağı 350 «Sergek» keşeni ornatıladı
Алматыда наурызға дейін тағы 350 «Сергек» кешені орнатылады
الماتىدا ناۋرىزعا دەيىن تاعى 350 «سەرگەك» كەشەنى ورناتىلادى
Последние новости
V Almatı do marta planiruetsya ustanovit' eşe 350 kompleksov «Sergek»
ۆ الماتى دو مارتا پلانيرۋەتسيا ۋستانوۆيتь ەщيو 350 كومپلەكسوۆ «سەرگەك»
Almatıda naurızğa deyin tağı 350 «Sergek» keşeni ornatıladı