Автор: ADMIN
Сезім мен шеберлік би тілінде: Алматы хореография училищесінің әсерлі кеші
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен есептік концерт би әлемінің шынайы мерекесіне айналды. Александр Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесінің 79-шы түлектері сахна төріне шығып, жылдар бойғы еңбектің жемісін паш етті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Шарада классикалық балеттен бастап ұлттық және заманауи бағыттарға дейінгі түрлі стильдер көрініс тапты. Шопеннің музыкасына қойылған нәзік «Шопениана» балеті, әйгілі «Ұйқыдағы ару», «Дон Кихот», «Қарақшы», «Арлекинада», «Баядерка» спектакльдерінен үзінділер – бәрі де көрерменнің көзайымына айналды.
Ұлттық және халық билері көрерменді қазақ мәдениетінің тереңдігі мен байлығына тағы бір мәрте сүйсіндірді. Ал заманауи хореография – бүгінгі жастардың креативті ойлауы мен өнерге деген жаңа көзқарасын айқын көрсетті.
Залда отырған көрермен әр қойылымды ыстық ықыласпен қарсы алып, студенттердің кәсіби деңгейіне жоғары баға берді. Бұл кеш – тек концерт қана емес, Қазақстанның хореография өнеріндегі үмітті есімдердің тұсаукесері болды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В ЗКО бухгалтер предприятия с игроманией присвоил 118 млн тенге
ۆ زكو بۋحگالتەر پرەدپريياتييا س يگرومانيەي پريسۆويل 118 ملن تەنگە
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
Последние новости
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge