Автор: ADMIN
ҰБТ-ның алғашқы аптасы: 55 ереже бұзушылық тіркеліп, 26 талапкер шеттетілді

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) алғашқы аптасы ережебұзушылықтармен есте қалды. Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, 29 талапкер тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, 26 үміткер тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және т.б.) алып өтпек болғаны үшін тесттен шеттетілген, деп хабарлайды Shalqar.kz.
16 мамырдан басталған ҰБТ аясында 52 мыңнан астам тестілеу өткізілген. Олардың 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде, ал 65 адам ағылшын тілінде тапсырған.
Бірінші аптада тест тапсырушылардың 62%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже – 61 балл. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібекке тиесілі.
Биылғы тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден барлығы 399 мыңға жуық өтініш қабылданған. Ең танымал пән комбинациялары: “Математика-Физика” – 20%, “Шығармашылық емтихан” – 17%, “Биология-Химия” – 11%.
Айта кетейік, ерекше білім беруді қажет ететін 163 талапкерге қолайлы жағдай жасалып, олар да тестілеуге қатысқан.
Министрлік биыл бейнежазбаларға талдау 31 қазанға дейін жүргізілетінін еске салды. Егер кейін ереже бұзушылықтар анықталса, тест нәтижесі жойылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا

Dimaştıñ 75 äni Argentina radiosında şırqaluda
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى