іс-шара

Автор: ADMIN

іс-шара

Следуй за нами

29

Дрондар мен роботтар: болашақтың еңбегі қалай қауіпсіз болмақ?

news single

Астанада өткен KIOSH 2025 халықаралық көрмесінде дрондар мен роботтар жай ғана техникалық жаңалық емес, жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің басты кепілі ретінде таныстырылды. Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ең ірі шара биыл XIII рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.

95 компания, 12 елдің өкілдері, жүздеген маман — барлығы еңбек қауіпсіздігінің жаңа дәуіріне қадам басып жатқанын көрсетті.

«Бүгінде жұмыс орнындағы қауіпсіздік қағазбастылықтан арылып, толықтай цифрлық жүйеге көшіп жатыр. Кен орындары мен өндірістік алаңдарда дрондар мен роботтарды қолдану – жұмысшыларды тәуекелден қорғаудың тиімді жолы. Шетелдік әріптестеріміз нақты мысалдармен бөлісті, бұл тәжірибе елімізде де енгізілуі мүмкін», – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерболат Әбілхатин.

Айта кетейік, былтырдан бастап елімізде «нөлдік жарақат» тұжырымдамасы енгізілген. Бұл – тек ережелер жиынтығы емес, адам өмірін сақтап қалуға бағытталған жаңа көзқарас.

KIOSH 2025 көрмесіне ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Халықаралық еңбек ұйымы, әлемнің түрлі елдерінен келген сарапшылар, еңбек инспекторлары мен кәсіби білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

«Еңбекті қорғау – бұл жай ғана талап емес. Бұл – адамның өмірі, денсаулығы мен амандығы. Біз нақты жұмыс істейтін мамандарды тыңдай отырып қана шынайы қауіпсіз еңбек жағдайын жасай аламыз», – деді Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде.

Цифрландыру, жасанды интеллект пен автоматтандырылған шешімдер – енді тек технология емес, жұмысшылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться