Автор: ADMIN
Қолдау күшейді: Мүгедектік пен асыраушысынан айырылғандар үшін жәрдемақы көбейді

Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсететін көмекті күшейтті. Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған азаматтарға 247 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде 217,4 млрд теңге — республикалық бюджеттен, ал 29,6 млрд теңге — Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленген, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жәрдемақы алатындардың жалпы саны 540,4 мың адамды құраса, оның 196,7 мыңы — асыраушысынан айырылғандар.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері әр адамның жағдайына — мүгедектік тобына, ауру түріне байланысты белгіленеді. Ал асыраушысынан айырылғандарға төленетін сома олардың санына және қайтыс болған адамның табысына қарай есептеледі.
Биыл еңбекке қабілеттілігінен айырылған 91,7 мың азаматқа және 63,5 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік төлем жасалды. Бұл төлемдер МӘСҚ арқылы аударылып, республикалық бюджеттен төленетін негізгі жәрдемақыларды толықтырады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты жәрдемақылар 6,5%-ға артты. Үкіметтің шешімімен МӘСҚ-дан берілетін төлемдер де дәл осындай пайызға көбейтілді.
Мысалы:
• Мүгедектігіне байланысты МӘЖ (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы) мөлшері:
• 1-топ — 101 702 теңге,
• 2-топ — 81 362 теңге,
• 3-топ — 55 474 теңге.
• Еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем — орта есеппен 70 124 теңге.
• Асыраушысынан айырылғандарға — 72 524 теңге көлемінде.
Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдаудың күшейгенін және мемлекет тарапынан азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жасалып жатқанын көрсетеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى