Автор: ADMIN
Қазақстанда криптокарта іске қосылады: цифрлық ақшамен дүкенде қалай төлем жасаймыз?
Қазақстанда криптовалюта арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін «криптокарта» жобасы іске қосылды. Енді цифрлық актив иелері өз қаражатын күнделікті төлемдерге пайдалана алады, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Жаңа жүйе АХҚО-да (Астана халықаралық қаржы орталығы) тіркелген лицензияланған криптобиржалардың әмияндары арқылы жұмыс істейді. Төлем жасау сәтінде криптоактив автоматты түрде сатылып, баламалы сома банк картасына (fiat ақша түрінде) аударылады — осылайша төлем бірден жүзеге асады.
Криптокарта қалай жұмыс істейді?
• Төлем кезінде криптовалютаңыз сатылады;
• Құны банк картасына түседі;
• Төлем шынайы теңгемен жүргізіледі;
• Бұл процесс бірнеше секундта орындалады.
Қандай өзгерістер күтіледі?
Ұлттық банк крипто мен цифрлық қаржы нарығын кеңейту үшін келесі жобаларды қолға алған:
• Ұлттық валютамен (соның ішінде цифрлық теңгемен) қамтылған стейблкоиндар шығару;
• Жылжымайтын мүлік пен қаржы активтерін токенизациялау;
• Бағалы қағаздарға теңестірілген цифрлық токендер әзірлеу;
• Криптовалютаны сақтау және айырбастау қызметтерін дамыту.
Мұның барлығы Қазақстанды өңірдегі жетекші цифрлық қаржы орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған. Заңнамалық өзгерістер де дайындалып жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple қайтадан әлемдегі ең қымбат компания атанды
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire
Apple вновь стала самой дорогой компанией в мире
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire