Автор: ADMIN
Алматыға қызығушылық артып келеді: Сеул көрмесінде 30 келісімшарт жасалды
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен Seoul International Tourism Fair (SITF 2025) халықаралық көрмесінде Алматы қаласы ерекше көзге түсті. Азиядағы ең ірі туризм көрмесіне әлемнің 70 елінен 800-ге жуық туризм саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алматы бұрышы – қазақ ұлттық өнері мен мәдениетінен сыр шертетін ерекше аймаққа айналды. Қонақтар домбырашылардың өнерін, қолданбалы өнер шеберлерін, ұлттық киімдер мен тағамдарды тамашалап, қазақ рухының ауанымен танысты.
Көрменің жарқын сәттерінің бірі – VR-көзілдірік арқылы Алматыға виртуалды саяхат жасау мүмкіндігі болды. Бұл – иммерсивті маркетинг тәсілін қолданған еліміздің алғашқы туризм жобаларының бірі.
Нәтижесінде, Алматы бұрышы «SITF 2025 стендінің үздік дизайны» марапатына ие болды. Бұдан бөлек, көрме аясында шетелдік және отандық туроператорлар арасында 30 келісім жасалып, Алматыға 21 мыңға жуық турист тарту жоспарланып отыр.
Көрме қонақтарының бірі, Сеул тұрғыны Ким Джиюн:
«Алматы – таудың етегіндегі ерекше қала. Ұлттық болмысы сақталғанымен, заманауи қаланың қарқыны сезіледі. Бір күні сол қалаға барып, бәрін өз көзіммен көремін деп үміттенемін», – деп бөлісті.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы олардың саны 20 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 3,2%-ға көбейді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ زكو بۋحگالتەر پرەدپريياتييا س يگرومانيەي پريسۆويل 118 ملن تەنگە
В ЗКО бухгалтер предприятия с игроманией присвоил 118 млн тенге
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge
Последние новости
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge