Автор: ADMIN
Астаналық Ілияс Қазымбек Еуропаның үздік физигі атанып, Қазақстанның атын әлемге танытты
Қазақстан тағы бір жас дарынның жеңісімен әлемге танылды. Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек Болгария астанасы Софияда өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO-2025) абсолют жеңімпаз атанып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Shalqar.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Олимпиадаға 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан.
Қазақстан құрамасындағы 5 оқушының барлығы жүлдеге ие болды.
Ілияс Қазымбектен бөлек, Қазақстан командасының мүшелері де жоғары нәтиже көрсетті:
– Алтаир Аканов (Астана, РФММ) – күміс медаль
– Роман Черемнов (Алматы, Miras халықаралық мектебі) – күміс медаль
– Даниэль Тюлюбаев (Астана, Nurorda мектебі) – қола медаль
– Таир Әбдіқадыр (Қостанай, “Білім-инновация” лицейі) – құрмет грамотасы
Команданы халықаралық және республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындаған.
EuPhO – әлемнің үздік мектеп оқушылары бас қосатын беделді зияткерлік дода. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа тұрақты қатысып келеді. Былтыр 2 күміс және 2 қола медаль еншілеген болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jas otbası ata-anadan bölek twruı kerek pe: qazaqstandıqtar ne deydi
Doljna li molodaya sem'ya jit' otdel'no ot roditeley: çto dumayut kazahstancı
Последние новости
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى