Мәдениет

Автор: ADMIN

Мәдениет

Следуй за нами

38

Ғылымға құштар ұрпаққа! Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш Балалар ғылыми музейі бой көтеруде

news single

Алматыда балаларға ғылымды ойын арқылы үйрететін бірегей жоба қолға алынды. Қалада Орталық Азия кеңістігіндегі алғашқы Балалар ғылыми музейінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылуда және бұл бастама жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.

STEM-білімге алғашқы қадам
Музей ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) бағыттарына қызығушылықты ерте жастан дамытуға көмектеседі. Бұл Қазақстандағы тұңғыш интерактивті кеңістік болмақ.

Жобаны жүзеге асыруға әлемдік тәжірибесі мол Сингапур Ғылым орталығы мен Kingsmen Exhibit PTE LTD компаниясы атсалысып жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр: бұзу кезеңі аяқталып, енді ғимарат құрылымдарын күшейту жұмыстары басталған.

Барлық балаға — тең мүмкіндік
Музей инклюзивтілік принципімен салынып жатыр. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде аутизм спектріндегі балалар үшін арнайы бөлме де қарастырылған.

Алматы – ғылым орталығына айналмақ
Қала әкімі Дархан Сатыбалды музей тек құрылыс нысаны емес, ұлттың интеллектуалдық келешегін қалыптастыру құралы екенін атап өтті.

“Біз Алматыда жай ғана музей емес, баланың ғылыммен еркін тілдесіп, зерттеушілік әлеуетін ашатын орта қалыптастырып жатырмыз. Бұл – болашаққа жасалған инвестиция”, – деді әкім.

Жобаға халықаралық сарапшылар, білім беру мамандары және ESG-интеграция саласындағы сарапшылар да тартылған. Сингапур Ғылым орталығының басшысы доктор Тит Менг Лим командаға оқыту мен үздік әдістемелерді енгізуде көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Музейдің есігі 2026 жылы ашылады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться