Автор: ADMIN
Ираннан 109 қазақстандық эвакуацияланды: Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстан өз азаматтарын қауіпсіз жерге көшіруді шұғыл қолға алды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран аумағынан 109 отандасымыз елге аман-есен жеткізілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Эвакуация арнайы ұйымдастырылған маршрут бойынша өтті. 89 азамат Түрікменстан арқылы, ал 20 адам Әзербайжан арқылы елге оралған. Барлығына консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп, қауіпсіз қайтуына жағдай жасалған.
“Бұл — үйлесімді ведомствоаралық жұмыс пен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріміздің ерен еңбегінің нәтижесі”, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан Иран, Түрікменстан және Әзербайжан билігіне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Министрліктің мәліметінше, қысқа уақыт ішінде 200-ден астам азамат байланысқа шыққан. Олардың барлығына көмек көрсетіліп, нақты транзиттік бағыттар бойынша жүруі ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі басқа да құзырлы органдармен бірге Израильдегі қазақстандықтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
“Шетелдегі азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – Қазақстанның сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі”, – деп мәлімдеді ведомство.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تجم: بيىل سۋعا كەتكەندەردىڭ كوبى تىيىم سالىنعان جەردە كوز جۇمعان
Apple ۆنوۆь ستالا ساموي دوروگوي كومپانيەي ۆ ميرە
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire