Автор: ADMIN
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті
Қазақстанда халықтың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бұл көрсеткіш 2023 жылы 75,09 жас болса, 2024 жылы 75,44 жасқа жетті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ведомство мәліметінше, мұндай көрсеткішке қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек пен салауатты өмір салтын насихаттау ықпал етті. 2024 жылдың алғашқы айларында ғана стационарларда 1,4 миллионнан астам адамға көмек көрсетіліп, 445 мыңнан астам ота жасалған. Оның ішінде 8,4 мыңға жуық жоғары технологиялық операция бар.
Сондай-ақ, 80 мыңнан астам науқас оңалтудан өткен, амбулаториялық жағдайда 3 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Жалпы өлім-жітім деңгейі 4,2%-ға төмендеген.
Министрлік темекі мен алкогольді тұтынуға қарсы шараларды күшейтіп, дұрыс тамақтану мен денсаулыққа зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. 2023 жылғы зерттеу нәтижесінде қазақстандықтардың 34,2%-ы салауатты өмір салтын ұстанатыны анықталған (2022 жылы – 31,4%, 2021 жылы – 23,2%). Бұл азаматтардың денсаулыққа деген жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
سوڭعى 50 جىلداعى قىتايدا بولعان ىرى ورت اپاتتارىنا شولۋ
Obzor krupnıh pojarov v Kitae za poslednie 50 let
Soñğı 50 jıldağı Qıtayda bolğan iri ört apattarına şolu
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh