Автор: ADMIN
Конституцияның 30 жылдығына орай жаңа коллекциялық монеталар шығарылады
Қазақстан Ұлттық банкі еліміздің басты заңының 30 жылдығына арнап ерекше нумизматикалық туынды дайындады. 2025 жылғы 27 тамыздан бастап ҚҰБ-тың ресми интернет-дүкенінде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» атты коллекциялық монеталар сатылымға шығады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл мерекелік монета алтын жалатылған 925 сынамды күмістен соғылған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм. Дайындалу сапасы proof деңгейінде жасалып, номиналы 1 000 теңгеге тең. Таралымы шектеулі – бар-жоғы 1 000 дана. Монеталар Қазақстан теңге сарайында шығарылды.
Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап Ұлттық банк «Ұлы қолбасшылар» сериясынан «ALEXANDER THE GREAT» коллекциялық монеталарын да сатылымға шығарған еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple вновь стала самой дорогой компанией в мире
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire