Білім

Автор: ADMIN

Білім 2025-09-11 00:56:00

Следуй за нами

46

Қазақстан мектептерінде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер жұмысын бастады

news single

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде бұрын-соңды болмаған жаңалық – стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады. Бұл бастама балалардың денсаулығын қорғауға, олардың қауіпсіздігін күшейтуге және үйлесімді дамуына жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды Shalqar.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, стоматологиялық кабинеттерді енгізу Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, мектептерде жаңа тамақтану стандарты енгізілді: енді ас мәзірінің сапасын ұйымдастыру мен бақылау тікелей денсаулық сақтау ұйымдарының міндетіне айналды.

 

Бүгінгі таңда ел бойынша 150 мектепте алдын алу стоматологиялық кабинеттері ашылып үлгерді. Жыл соңына дейін тағы 90 кабинет іске қосылмақ. Ал 2028 жылға қарай мектептерде 1000-ға жуық стоматологиялық кабинет жұмыс істейтін болады.

 

Бұл жаңашылдық ең алдымен оқушы саны мыңнан асатын ірі мектептерді қамтиды. Әсіресе, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған білім беру ұйымдарына енгізілуде.

 

Жаңа кабинеттерде балаларға ауыз қуысы ауруларының алдын алу шаралары көрсетіліп, ерте диагностикалау жүргізіледі. Сондай-ақ, санитарлық-ағартушылық жұмыстар да жоспарлы түрде өтеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, мектептердегі стоматологиялық кабинеттер оқушыларға тегін профилактикалық көмек көрсетеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться