Автор: ADMIN
Алматыда цифрлық мемлекет және азаматтық қоғам тақырыбында Азаматтық форум өтті
2025 жылы 2 қазанда Алматы қаласында «Цифрлық мемлекет пен азаматтық қоғам: іс жүзіндегі серіктестік» тақырыбында Азаматтық форум өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, сондай-ақ мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форумда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтан бастап көлік жүйесіне дейінгі қалалық инфрақұрылымды цифрландыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар цифрлық ашықтықты талдау құралдарын, мемлекеттік сатып алу, мүліктің меншік иелері бірлестігі мен пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында цифрлық платформалар мен қосымшаларды қолдану тәжірибесін талқылады. Ерекше назар халықтың әртүрлі топтарына заманауи цифрлық сервистердің, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қолжетімді болуына аударылды.
Форум аясында «Менің қалама арналған үздік идеялар» атты әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Көрме қорытындысы жасалып, жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған креативті бастамалар анықталды.
Форум тәжірибе алмасып, нақты шешімдер шығаруға арналған алаңға айналып, цифрландыру жағдайында мемлекет пен азаматтық қоғамның тиімді өзара байланысына жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı