Автор: ADMIN
1600-ден аса жәдігер. Өнер мұражайы ашылды
Астанада Өнер музейі ашылды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған музей экспозициясымен танысты.
"Музейде сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған аспаптарға ерекше назар аударылған. Атап айтсақ, желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық және басқа да көне аспаптар бар. Барлық экспонатты музей қызметкерлері қолдан жасаған. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық киімдер залы мен мекеменің шеберханасы көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Министрдің айтуынша, Астанада осындай музейдің ашылуы ұлттық мәдениет пен қолөнерді насихаттауға зор үлес қосады.
Өнер музейі XIX ғасырдың соңында салынған тарихи мектеп ғимаратында орналасқан. 1982 жылы бұл нысан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. Музейде көне музыкалық аспаптарды қалпына келтіру және сақтау шеберханасы жұмыс істейді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Voennoslujaşiy Islam Sätpaev stal çempionom Azii po strel'be
БҚО-да лудоманияға шалдыққан кәсіпорын бухгалтері 118 млн теңге жымқырған
В ЗКО бухгалтер предприятия с игроманией присвоил 118 млн тенге
Последние новости
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge