Автор: ADMIN
Қазақстанда сиыр етінің экспортына шектеу енгізу ұсынылды
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің экспортына шектеу енгізуді ұсынды. Агенттік тиісті бұйрық жобасын дайындап, "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл шаралардың мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру.
"Бұйрық жобасында Қазақстан аумағынан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген", - делінген құжаттың сипаттамасында.
Жоба 22 қазанға дейін қоғамдық талқылауға салынбақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı