Новости

Автор: ADMIN

Новости 2025-10-20 15:23:00

Следуй за нами

18

Alatau Aqparat медиахолдингінің карикатурашысы халықаралық байқауда марапатталды

news single

Alatau Aqparat медиахолдингінің карикатурисі Ғалым Смағұлұлы халықаралық байқауда марапатталды, - деп хабарлайды Vecher.kz. -ке сілтеме жасаған Shalqar.kz тілшісі. 

Биыл 18 қазанда Ыстамбұлда 16-шы Халықаралық туристік карикатурашылар байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Ғалым Смағұлұлының айтуынша, "Ыстамбұлда турист болу" деген тақырыппен өткен байқауға 49 елден 356 суретші 572 туындымен қатысқан. 

Жеңімпаз карикатуристер марапаттарын Ыстамбұлдың Бейоғлу ауданындағы Метроханда ұйымдастырылған салтанатта алды. 

"Жұмысымызды жоғары бағалағандары үшін байқаудың ұйымдастырушылары Nazmi Kozak мырза мен Kerem Köfteoglu мырзаға, сондай-ақ, қазылар алқасының мүшелеріне шынайы алғысымды білдіремін", - деді Ғалым Смағұлұлы. 

Байқау Түркия қонақүйшілері қауымдастығының (TÜROB), Ыстамбұл қалалық әкімшілігінің туризм департаментінің және Ыстамбұл конгресс және келушілер бюросының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ересектер санатында:

· Менди Азизи (Иран) бірінші орын; 

· Өмер Чам (Түркия) екінші орын;

· Можмир Михатов (Хорватия) үшінші орын иеленді.

Профессор Атила Өзер арнайы жүлдесін болгариялық Алла және Чавдар Георгиевтер, ал Фехми Кофтеоглу атындағы жүлдені Қазақстаннан Ғалым Боранбаев алды.

Жастар санатында бірінші орынды Мұстафа Насух ​​Ашык (Түркия), екінші орынды Дефне Демирджи (Түркия), үшінші орынды Судем Дуран (Түркия) жеңіп алды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться