Общество

Автор: ADMIN

Общество 2025-10-29 23:21:00

Следуй за нами

15

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

news single

  Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтады-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Qazaqparat” телеграм каналына сілтеме жасап.

  Бұл мереке – түрік халқының тәуелсіздік пен еркіндік жолындағы тарихи жеңісінің, ел бірлігі мен мемлекетшілдіктің символы. Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында биылғы жылы Түркияға жасаған ресми сапарды ерекше атап өтіп, сол сапар барысында Анкарада өткен мазмұнды келіссөздердің нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтерілгенін жеткізді.

   Президенттің айтуынша, қол жеткізілген уағдаластықтар мен бірлескен бастамалар Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қатынастарға тың серпін беріп, ортақ болашаққа жол ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік басшысына жауапты қызметінде толайым табыс, ал бауырлас Түркия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. Бұл ізгі тілек – ғасырлар бойы жалғасқан қазақ-түрік достығының айғағы, екі елдің рухани және тарихи тамырының тереңдігін көрсетеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться