Автор: ADMIN
Қазақ радиосының мақтанышы Сауық Жақанова туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді

Қазақстанның мәдениет пен өнер саласына үлкен үлес қосқан белгілі диктор Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова биыл 80 жас мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, 2025 жылғы 15 ақпан күні сағат 14:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында оның құрметіне арналған «Сахара сандуғашы» атты кітаптың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында дүниеге келген. 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, сол жылы Қазақ радиосында диктор болып еңбек жолын бастады. Радиодағы қызметі 2002 жылға дейін жалғасты.
Кәсіби мансабында Сауық Мәсіғұтқызы ерекше дауысымен тыңдарманның жүрегіне жол тауып, Қазақ радиосының ең беделді дикторларының бірі атанды. Оның еңбегі лайықты бағаланып, 1985 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды. 2021 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
«Сахара сандуғашы» кітабы – рухани мұра
Сауық Жақанованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сахара сандуғашы» кітабы мерейтой қарсаңында жарық көрді. Бұл кітапта оның өмір жолы, радиодағы қызметі, ұстаздық еңбегі және Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі жан-жақты баяндалған.
Кітаптың құрастырушылары – журналист Таңсұлу Алдабергенқызы мен Сауық Жақанованың шәкірті, радиожурналист Жазира Амантайқызы. Шығарма «Атамұра» баспасынан жарық көреді.
Сауық Жақанованың 80 жылдық мерейтойы – қазақ руханияты мен мәдениетінің тағы бір маңызды беті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Jalğan diplom – jarqın bolaşaqqa jasalğan qauip!

Алматы 5 аймаққа бөлінеді: Қала қайда және қалай дамиды?

В Астане стартовал первый саммит “Центральная Азия – Италия”
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет