Автор: ADMIN
Қазақстандық актер Джеки Чанның жаңа фильмінде ойнайды
Қазақстандық актер Рүстем Омаров Джеки Чанның халықаралық жобасы «Құдіретті сауыт: Ультиматум» атты жаңа фильмінің түсіріліміне қатысады, деп хабарлайды Shalqar.kz “qazaqparat_kz” телеграмм каналына сілтеме жасап.
Salem Entertainment компаниясының ақпараты бойынша, Рүстем Омаров бұл жобада сценарист әрі актер болады.
— Бала кезімнің кумирі Джеки Чанмен бірге түсетініме өте қуаныштымын, — деп жазды Рүстем Омаров.
Бұған дейін қазан айының басында әйгілі «Құдіретті сауыт» франшизасының төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілетіні хабарланған еді.
Бұл франшиза — 1986 жылы Джеки Чанның өзі түсіріп, басты рөлде ойнаған культтік гонконгтік шытырман оқиғалы боевик. Кейін оның жалғасы — «Құдіретті сауыт 2: Кондор операциясы» (1991) және «Құдіретті сауыт 3: Зодиак миссиясы» (2012) фильмдері жарық көрді.
Сондай-ақ бұған дейін жаңа халықаралық жобаның режиссері қазақстандық Роберт Кун болатыны хабарланған.
Эксклюзивті сұхбатында Роберт Кун Джеки Чанның кино әлеміндегі өзіне шабыт беруші тұлға болғанын атап өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ودوبريل زاكون وب ۋسيلەنيي وتۆەتستۆەننوستي نوتاريۋسوۆ
Qazaqstan qwraması voleyboldan Aziya kubogında üzdik bestikke endi
Последние новости
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov