Автор: ADMIN
Астанада «Romeo & Juliet» спектаклі жаңаша ұсынылды
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры әлем классикасының ең танымал шығармаларының бірі – Уильям Шекспирдің «Romeo & Juliet» пьесасын жаңаша сахналады, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап. Бұл қойылымды жаңа көркемдік көзқарас пен тың формат ерекше етеді. Спектакльде театр мен кинематографияның көркемдік мүмкіндіктері үйлесіп, синема-эпос жанрында ұсынылды.
Пьесаны қазақ тіліне тәржімалаған – қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Әбіш Кекілбаев.
«Romeo & Juliet» қойылымы көркем синтездің жарқын мысалына айналды.
Синема-эпос кинематографияның кең мүмкіндіктері мен театрдың шынайы болмысын біріктіре отырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Спектакльді сахналау үшін елордаға Ресейдің театр және кино режиссері Ұланбек Баялиев арнайы шақырылды. Классикалық драматургияға батыл көзқарасы мен заманауи шешімдері арқылы танымал режиссер бұл жолы да шығармашылық жаңашылдығымен көзге түсті. Қойылымның сценографиясын жасаған – Қанат Мақсұтов. Көрермен назарын театр мен JADO сән үйінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жасалған әсерлі костюмдер аудартты. Премьера әуенін Олжас Дәлелхан жетекшілік ететін театрдың Theatre Avenue бэнді сүйемелдеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
В ЗКО бухгалтер предприятия с игроманией присвоил 118 млн тенге
ۆ زكو بۋحگالتەر پرەدپريياتييا س يگرومانيەي پريسۆويل 118 ملن تەنگە
Последние новости
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge