Автор: ADMIN
“Арамызда Стамбұл” фильмі бір аптаның ішінде рекорд жаңартты!

Романтика мен құпияға толы, көркем Стамбұлда өрбитін оқиға көрермендердің жүрегін жаулап алды! 6 ақпаннан бастап кең прокатқа шыққан “Арамызда Стамбұл” фильмі алғашқы аптасында-ақ 100 000 көрермен жинап, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Tiger Films ұсынған бұл романтикалық комедия көрерменді алғашқы минуттардан-ақ баурап алады. Басты кейіпкер – бұрынғы өмірінде бай, өзімшіл “мажорлармен” жұмыс істеген ару. Ол мұндай адамдардан аулақ болуды қалайды, бірақ тағдыр оны өзгеше жігітпен жолықтырады. Бұл қарапайым, қамқор әрі шынайы жан. Бірақ оның бір үлкен сыры бар – ол бай кәсіпкердің ұлы екенін жасырады.
Фильмнің продюсері Ерлан Бухарбаев бұл туынды көрермендерді тек ерекше оқиғамен емес, сонымен қатар Түркияның көрікті жерлерімен тамсандыратынын айтты. Көрермендер Стамбұлдың тарихи көшелері мен Каппадокияның әсем пейзаждарын тамашалай алады.
Фильмнің жүзеге асуына Еуразиялық банк қолдау көрсеткен. “Шығармашылық пен жасампаздық – біздің басты құндылықтарымыздың бірі. “Арамызда Стамбұл” фильмі махаббат жайлы ғана емес, сонымен қатар біздің төлем карталарымыз секілді өмірде нағыз көмекші бола алатын серіктер жайлы да айтады”, – деді Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Даулетбаева.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет