Автор: ADMIN
Бала күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшері артты: 2025 жылы қандай өзгерістер бар?
2025 жылдың қаңтар айында Қазақстанда бала туғанда берілетін жәрдемақы 33,7 мың адамға төленіп, жалпы сома 6 миллиард теңгені құрады. Жәрдемақы мөлшері жылдың басынан бастап 6,5%-ға индекстелгенін атап өткен жөн, деп хабарлайды Shalqar.kz.
2025 жылы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшерлері келесідей өзгерді:
• Бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
• Төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшерлері ай сайын келесі көлемде белгіленді:
• Бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
• Екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
• Үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
• Төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Мұндай өзгерістер халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Qasım-Jomart Toqaev WQŞW Wjımdıq qauipsizdik keñesiniñ otırısına qatıstı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qasım-Jomart Toqaev WQŞW Wjımdıq qauipsizdik keñesiniñ otırısına qatıstı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قاسىم-جومارت توقاەۆ ۇقشۇ ۇجىمدىق قاۋىپسىزدىك كەڭەسىنىڭ وتىرىسىنا قاتىستى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.
Kassym-Jomart Tokayev Attends CSTO Collective Security Council Meeting,- reports “Shalqar.kz”.