Қаржы

Автор: ADMIN

Қаржы 2025-12-20 12:57:00

Следуй за нами

28

Кәсіпкерлерге POS-терминалдар тегін беріле бастайды

news single

    Шағын бизнесті қолдау мақсатында банктер БКМ-мен біріктірілген POS-терминалдарды кәсіпкерлерге тегін ұсына бастады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz"  "Naryk.kz"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

     Бұл стационарлық құрылғы немесе смартфонға орнатылатын мобильді POS-қосымша болуы мүмкін.

 

     Қазірдің өзінде Kaspi Bank пен Halyk Bank ұсынған POS-терминалдар толыққанды бақылау-касса машиналары (БКМ) ретінде жұмыс істеп, штрих-кодты сканерлеу функциясымен жабдықталған.

 

     Алдағы уақытта бұл мүмкіндік Freedom Bank пен Банк Центр Кредитте де іске қосылады.

 

    Маңызды: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

 

   Салық кодексінің жаңартылған талаптары күшіне енеді. Енді чектерде тауар атаулары Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес көрсетілуге тиіс. 

 

   Сондай-ақ чек жою функциясы алынып тасталып, барлық түзетулер тек қайтару чегі арқылы жүзеге асырылады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться