Автор: ADMIN
Қазақстанда TikTok-қа шектеу қойыла ма? Депутаттар ұсыныс жасады

Қазақстанда TikTok-тың жұмысын шектеу мәселесі күн тәртібіне шықты. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында “AMANAT” партиясының депутаттары балалар мен жастардың санасына теріс әсер ететін контенттің көптігін алға тартып, TikTok-қа шектеу қоюды ұсынды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Статистикаға сүйенсек, елімізде 14,1 миллион адам TikTok қолданушысы ретінде тіркелген. Олардың басым бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Депутаттар Жанарбек Әшімжан, Елнұр Бейсенбаев, Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішевтің айтуынша, бірқатар мемлекеттер TikTok-ты ішінара немесе толықтай шектеп үлгерген:
• Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан – TikTok-ты қолдануға белгілі бір деңгейде тыйым салды.
• Франция – жасөспірімдердің интернетті пайдалануын заңнамалық тұрғыда реттеді.
• Аустралия – 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok қолдануға заңмен шектеу қойды.
• Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия – балалар қауіпсіздігі үшін 2023 жылы TikTok-қа қатысты шектеу енгізді.
• Қытай – TikTok-тың негізін қалаған ел болса да, өз аумағында оның толық нұсқасына қолжетімділікті жауып тастаған.
Мәжілісмендер TikTok-тың психологиялық, әлеуметтік және академиялық тұрғыдан балаларға кері әсерін атап өтті. Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында:
“TikTok-ты шамадан тыс қолдану баланың санасы мен денсаулығына теріс ықпал етеді. Бұл платформада ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығаратын, жастарды теріс бағытқа жетелейтін контент көп. Сондықтан біз де бұл мәселеге назар аударып, TikTok-қа шектеу қоюды тездетуіміз керек”, – деді.
Депутаттар TikTok-тағы қазақи дәстүрге сай келмейтін, әдепсіз контентті бақылауды күшейтуді, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың бұл платформаны қолдануына шектеу қою немесе толық тыйым салу тетіктерін қарастыруды ұсынды.
Қазақстан TikTok-ты шектеуге шешім қабылдай ма, жоқ па – бұл алдағы уақыттың еншісінде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет