Автор: ADMIN
Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» акциясы басталды: ел бойынша 10 күн бойы игі істер атқарылады
Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл бастама өзара қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Акция аясында еліміздің өңірлерінде жастар ұйымдары мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар кешені өткізіледі.
Акцияның он күні жеке-жеке тақырыптарға арналмақ. Атап айтқанда, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, медициналық мекемелерде донорлық акциялар өткізу, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалар жүзеге асырылады.
Бастама Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығының алаңында басталды. Акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı